Қазақстандық Токио олимпиадасының жүлдегері допингпен ұсталды

0 373

Бүгін қазақстандық алты ауыр атлет допинг дауына ілікті. Олардың допинг талдаулары оң нәтиже көрсеткен.

Бұл туралы Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Экспресс К.

2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді.

Бақылау қорытындысы бойынша 6 спортшының допинг қолданғаны анықталды:

Олардың арасында 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Игорь Сон да бар.

Абылай Әуелханов;

Игорь Сон;

Юлия Потасова;

Руфина Шалқарова;

Алексей Дроздов;

Матвей Макрушин.

Барлық спортшылар Алматы облысының өкілдері.

ҚР Ауыр атлетика федерациясы оқиғаға қатысты ішкі тергеу жүргізуді жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.