Дереккөз: «Тасмағамбетовтың күйеу баласының үстінен қылмыстық іс қозғалды»
Бүгін бірқатар телеграм-каналдар бизнесмен Кеңес Рақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазды.
«Ақпарат көзінің хабарлауынша, Кеңес Рақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Оның айтуынша, осы аптада оған іздеу жарияланады», – деп жазды ABZHAN NEWS телеграм-арнасы.
Кеңес Рақышев Қазақстанның экс премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетовтің қызы Әселдің күйеуі.