Уилл Смит «Оскар» сыйлығы рәсімінде әріптесіне қол көтерді (ВИДЕО)

0 658

Лос-Анджелес қаласында кино өнері және ғылым академиясы «Оскар» киносыйлығының жеңімпаздары анықталды. 94-ші марапаттау рәсімі барысында жайсыз жағдай орын алды деп жазды turkystan.kz BBC-ге сілтеме жасап.

«Оскар» киносыйлығында жүргізушілер мен номинанттарды таныстырушылар әр номинантқа жеке тоқталып, өткір тілмен түйреп өтуді әдетке айналдырған. Бұл – бұрыннан бар үрдіс. Бірақ биылғы шарада «Үздік актер» аталымының номинанттарын таныстыру үшін сахнаға көтерілген әйгілі комедиант Крис Рок шектен шыққан сияқты.

Өзінің әйелі Джады Пинкетт-Смитке қатысты айтылған әзілге арланған Уилл Смит сахнаға атып шығып, Крис Рокты жағынан шапалақпен тартып жібереді. Жарнамалық үзілісте Дензель Вашингтон ашуға булыққан Уилл Смитке басу айтып, тыныштандыруға тырысты. Ал қалған әртістер әріптесінің бұл қылығына сенер-сенбесін білмей дал болды.

Биылғы номинанттардың тізімі төмендегідей:

«CODA: Саңырау ата-аналардың баласы»  –  Үздік фильм.

Джейн Кэмпион («Иттің билігі») – Үздік режиссер;

Уилл Смит («Король Ричард») – Ең үздік актер;

Джессика Частейн («Тэмми Фэй көзі») – Ең үздік актриса;

«Ұзақ қоштасу» – Үздік қысқаметражды фильм;

«Энканто» (Disney) – Үздік анимациялық фильм;

Трой Коцур (CODA)– Екінші пландағы үздік ер адам;

Ариана Дебос («Вестсайд тарихы») – Екінші пландағы үздік актриса;

«Менің көлігімді жүргіз» (Рюсукэ Хамагути, Жапония) – Үздік шетелдік фильм;

«Дюна» – Ең үздік дыбыстық монтаж;

«Круэлла» – Үздік костюмдер;

«Белфаст» (режиссері Кеннет Брана) – Үздік ерекше сценарий;

«CODA» (Сиан Хедер) – Үздік бейімделген сценарий;

«Соул жазы» – Үздік деректі фильм;

«No Time To Die» әні (Билли Айлиш) – Ең жақсы түпнұсқа ән.

Leave A Reply

Your email address will not be published.