«Үлгілі базалық бағыт-4» жобасы талқыға түсті

0 350

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басышысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев «№4 Үлгілік базалық бағытын» жүзеге асыру бойынша облыстағы жергілікті атқарушы органдарында жиындар өткізді. Жамбыл облысы әкімдігінің басқармалары түгел қамтылды.

Кездесулердің басты мақсаты- мемлекеттік органдардың жұмысын тұрақты жетілдіру мақсатында қолға алынған жобалық басқарудың 4-блогы — «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын жүзеге асыру бойынша мәселелерді зерделеу, 2022 — 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдама мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнамалық жаңашылдықтарды талқылау.

Әр басқосуда департамент өкілі мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу — мемлекет саясатындағы басым бағыттардың бірі екендігін жеткізіп, Бақтыхожаев «№4 Үлгілік базалық бағыты» жобасының негізгі бағыттары мен Жамбыл облысында жүзеге асырылу барысына мән беруде. Жиын соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түйткілді сауалдар ортаға салынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалуда.

«Бармақ басты әрекеттердің жолын кесуге бағытталған бұл жоба ішкі талдау жұмыстарын жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, анықталған сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және квазимемлекеттік секторларда комлаенс қызметін дамытуды көздейтін негізгі 4 бағыттан тұрады. Жобаның жүйелі жүзеге асырылуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептерін анықтауға, жолын кесуге және таза ортаны қалыптастыруға бүкіл қоғамды жұмылдыруға оң ықпалын тигізеді», — Ербол Бахтықожаев.

Мемлекеттік орган жұмысының тиімділігі бағаланатын критерийлер, квазимемлекеттік секторларда тағайындалған комплаенс офицерлердің атқаратын міндеттері де басты назарда.

Еске сала кетсек, жобалық басқаруды іске қосу жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 қаулысымен бекітілген, оған сәйкес салалық қызмет бөлігіндегі жобаларды қоспағанда, барлық мемлекеттік органдар орындау үшін Үлгілік базалық бағыттардың алты блогы айқындалды. Оның ішінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігіне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты төртінші блогы бекітілді.

«№4 Үлгілік базалық бағыты» шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жұмысын ұйымдастырудың сапасын арттыруға мүмкіндіктер ашылуда. Бұған бірқатар іс-шараларды қамтитын нақты көрсеткіштері бар Агенттіктің осы күнге дейін кейбір мемлекеттік органдарда формальды түрде жүргізіліп келе жатқан жобаларды жою арқылы қол жеткізуге болады.

Қазіргі таңда, жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты 4 топқа бөлінген: 1-ші топ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау»; 2-ші топ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою»; 3-ші топ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»; 4-ші топ «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу».

Жобалар тобының құрамына логин, пароль беріліп, «Easy Project» бірыңғай кросс-платформасына кіруіне мүмкіндік жасалып, облыс әкімі аппараты жобаны іске асыруға толық дайын екендігі туралы айтылды. Облыс әкімдігінің басқармалары тарапынан Жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты шеңберінде жауапты қызметкерлер бекітілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.