«Путин тақта қалмауы тиіс»: АҚШ президенті Байден өткір мәлімдеме жасады

0 2 695

Байден Варшавада тарихи мәлімдемемен сөз сөйледі десек те болады. Айтқандарынан қысқаша келтірсек:
— Путин қирап, сүйегі қурап қалған империяны тірілткісі келеді. Ол ойы ешқашан іске аспайды.
— Украина соғысып жатыр. Олар тек өздері үшін емес, күллі демократиялық елдер үшін соғысуда. Сондықтан көмекті көбейтеміз.
— Қазір бір доллар 200 рубль тұрады. Шынайы құны сол. Путин рубльді күлге айналдырды.
— Путин Ресейді 19 ғасырға аттандырды.
— Путин тақта қалмауы тиіс. Ол диктатор.
— Еуропа елдері Ресейге энергетика жағынан тәуелді болмауы тиіс. Біз көмектесуге дайынбыз.
— Ресей бұл соғыста жеңіске жете алмайды. Қазірдің өзінде бұл соғыста ол қателік жібергенін біліп отыр, іштей сезіп отыр.
— Соғысты қаржыландырушы Ресей олигархтары. Сондықтан біз олардың бар байлығын тартып алудамыз. Сондай-ақ ол Путинді қасапшыға теңеді.

«Адырна» ұлттық порталынан

Leave A Reply

Your email address will not be published.