Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін тағы екі адам ұсталды – БАҚ

0 2 740

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабы бойынша мемлекетке опасыздық жасағаны үшін деген күдікпен  «Астана» халықаралық ғылыми кешеннің қызметкерлері (International Science Complex Astana) Олег Ждан мен Леонид Скаковский қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz. Kozachkov offside телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Олег Ждан Қазақстан-Ресей университетінің бакалавриат пен магистратурасында оқыған. Содан кейін  «Астана» халықаралық ғылыми кешеннің құрамына кіретін Геосаяси зерттеулер мен халықаралық қатынастар институтында жұмыс істеген. Екінші ұсталған азаматтың аты-жөні – Леонид Скаковский. Ол да Қазақстан-Ресей университетінде еңбек етіп, Геосаяси зерттеулер мен халықаралық қатынастар институтында директордың орынбасары болған. Яғни, екеуі бір оқу орнында қызмет еткен.
Тағы бір айтатын нәрсе, Леонид Скаковский Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновпен бірге оқып, жұмыс істеген. Екеуі Марат Ерсайынұлының 2000-2005 жылдары аталған білім ордасының директоры кезінде қызметтес болған. Енді «Астана» халықаралық ғылыми кешеніне келсек, ол жекеменшік мекеме екен. Ол 2016 жылы ашылған. Оның құрылтайшылары – бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың баласы –  Таир Ермекбаев, Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновтың ұлы – Жаслан Шайхутдинов пен аты көпшілікке белгісіз Әнуар Ысқақов», – делінген жарияланымда.

Жел тұрмаса…не дейді? Иә, иә, шөптің басы қимылдамайды дейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.