Қазақ жігіті қазақтарды Қытайға құл болуға шақырды (Видео)
Өзін Ерсін Еркінұлы деп таныстырған жас жігіт әлеуметтік желіде жариялаған үндеуінде қазақтарды Қытайдың құрамына кіріп, құл болуға шақырады.
Оның үндеуі көпшліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Экспресс К.
— Қазақстан Ресейге қосылса, экономикасы дамымайды. Ал Қытайға қосылса, экономика жанданады. Тым болмаса Шанхай мен Гуанчжоудағы 30-40 қабат ғимараттарды салады. Қазақстанның Оңтүстігі Қытайға тәуелді. Енді он жылда Қытай әскер кіргізіп, өзі сатып алған жерлерін қорғайды. Атырау мен Ақтаудағы мұнайды Шыңжаңға жеткізеді, — дейді ол.
Ол шетелде жұмыс істеп жүрген қазақтарға тіл тигізіп, олардың Қытайда құл болып, 2-3 мың доллар таба алатынын сөз етеді. Оның айтуынша, қыздар жезөкше болып, Түркияға барып жүргенше, Қытайға барғаны жөн.
Мен Қазақстанның байрағымен аяғымды сүртейін. Қазақстан Заңы — көт сүртетін қағаз. Қазақстан күллі әлемге мазақстан болған,
— дейді этникалық қазақ Ерсін Еркінұлы.
Ол тағы бір бейнежазбасында Украинаның астанасы Киевте жүргенін айтады. Ол өзін эвакуациялауға Батыс елдерінен көмек сұрайды.
Желі қолданушылары араңдатушы жігітке қайтып оралмауын, сол жақта қалуын тілепті. Тіпті Қазақстанға келсе, тірі қалмайтынын да айтып, ескерту жасаған.
Видеоның толық нұсқасы: https://aitube.kz/video?id=691b168b-f78b-40ff-a20b-d2e54cd238d0