Садыр Жапаров экс-президент Атамбаевқа үндеу жолдады
Қырғыз елінің президенті Садыр Жапаров қамауда жатқан экс-президент Алмазбек Атамбаевқа үндеу жолдады. Бұл туралы Usbanov ARNASY телеграм каналы хабарлады.
«Атамбаев туралы шуды көрдім. «Билік бұйрық беріп, өш алып жатыр», — деп жатыр екен.
Маған қиянат қылғандардың барлығын кешіргенмін. Оның арасында Атамбаев та бар. Сөзімнен тайқымаймын. Өш алу табиғатыма жат. Айтарым басқа:
Заң алдында барлығымыз бірдейміз. Сот жауапкершілігіне тартылып жатырсың ба? Сотқа бар. Ақ екеніңді дәлелде.
Мен де қамалғам. Мен де Сотқа барғам. Ешқашан қарсылық көрсетіп, Соттан қашқан емеспін. Заңға, тәртіпке бас игем. Барлығымыз да сол Заңға бас иейік. Сонда ғана мемлекетімізде тәртіп болады.Осыны пайдаланып, істі қарап жатқан Сот, Прокуратураға айта кеткім келеді. Бұйрық беруге құқым жоқ. Сол үшін сұраймын. Егер мүмкіндік болса, Сот процессін жабық емес, ашық түрде өткізсеңіздер дұрыс болады. Журналистер, блогерлер Сотқа қатысып, тікелей эфирлер түсіріп, таратсын. Ел е Соттың қалай өтіп жатқанынан хабардар болсын. Қой-Тас оқиғасы ешкімге жасырын емес қой», — депті Садыр Жапаров.