Бауыржан Байбекке қатысты тың дерек белгілі болды

0 3 739

Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қазақстаннан ұшып кетті.

Бұл туралы «ORDA News» YouTube-арнасы хабарлайды.

«Шекара қызметінің мәліметінше, Қайрат Сатыбалды қамауға алынғанан соң екі күннен кейін Бауыржан Байбек 15 наурызда Қазақстаннан Германияға ұшып кетті» делінген дереккөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің Біріккен Араб Әмірлігіндегі Дубай қаласында екені айтылды.

Еске салсақ, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш пен бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қамауға алынуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.