Елімізге АЭС салуы мүмкін 4 мемлекет белгілі болды
Оның айтуынша, аталған америкалық технологиялар Қазақстанның энергетика жүйесіне үйлесімді болуы мүмкін.
«Сонда да бұл жобалар Қазақстан үшін келешегі бар жобалар ретінде қаралуда. Өйткені қуаты бойынша бұл реакторлардың біздің энергетикалық жүйемізге жақсы кіріге алады. Қазір энергетика балансындағы атом стансасының үлесі туралы болжам бар. Біз әлеуетті жеткізушілерден генераторлардың техникалық деректерін сұраттық. Осы техникалық деректер бойынша түрлі модельдер сызбаға түседі. Олар біздегі жүйеге қалай кіріге алады, жүйе қаншалықты орнықты болады, энергия қалай таратылады деген мәселелерді қараймыз. Алғашқы стансаның келешегі туралы айтсақ, 4 әлеуетті жеткізуші бар. Олар: ресейлік «РосАтом», қытайлық «CNNC», кореялық «KHNP» және франциялық «IDF», – деді Тимур Жәнтікин.