Самат Әбіш пен Бауыржан Байбек қамауға алынады – дереккөз
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш пен Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan, қазіргі Amanat партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қамауға алынуы мүмкін.
Бұл туралы «EGOV.PRESS» Telegram-арнасына сүйеніп kaz.orda.kz. хабарлады.
«Дереккөз Самат Әбіш пен Бауыржан Байбектің жақында зынданға (абақтыға – Ред.) түсуі мүмкін екенін хабарлайды» делінген хабарламада.
Дегенмен әзірге бұл туралы ресми мәлімдемелер жоқ.
Бұған дейін, Самат Әбіштің туған ағасы Қайрат Сатыбалды мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира қамауға алынды.
Сонымен қатар, Самат Әбіштің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен алынып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.
Сондай-ақ, ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылды. 13 қаңтарда Мәсімовке де билікті күшпен басып алуға және билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттермен күдікке ілінгені белгілі болды. Садықұлов пен Ерғожиннің ұсталғаны туралы да белгілі болды. Кейін Мәсімов пен Садықұловты сот қамауға алып, іс «құпия» санатқа жатқызылғаны белгілі болды.
7 ақпанда сот санкциясымен Ерғожиннің де қамауға алынғанын хабарланды. 8 ақпанда ҰҚК «Арыстан» арнайы қызметінің директоры мен осы қызмет орталығының басшысы ұсталғаны, ал 23 ақпанда комитет басшысының тағы бір бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтың ұсталғаны белгілі болды.