Сағынтаевтың маңызды компанияны заңсыз жекешелендіргені белгілі болды
Алматы әкімдігі мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Алматы қала жарық» МКК-ның заңсыз жекешелендірілгенін анықтады. Бұл жайлы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір мекемені коммуналдық меншігіне қайтару бойынша бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталмыш компания қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған және орталықтандырылған басқарумен айналысады.
2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен тендер арқылы «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКК жүзеге асырылды. «ABM Group.com» ЖШС жеңімпаз деп танылған. Мәміле 4,6 млрд теңгені құрады, болжамды құны 14,8 млрд теңге.
«Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2020-2021 жылдарға арналған қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған орталықтандырылған басқаруды ұсыну бойынша қызметтерді көрсету нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізіп, бұл нарықта «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКҚК-ның үлесі монополиялық жағдайға ие екені анықталды», — делінген баспасөз хабарламасында.
«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР заңының нормаларына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешімдер қабылдау ел Үкіметінің құзыретіне жатқызылған.
Осылайша, Алматы әкімдігінің ШЖҚ «Алматы қала жарық» МКК-ны жекешелендіру туралы шешімі Мемлекеттік мүлік туралы заңнама нормаларына қайшы келеді және бәсекелестікті шектейді.
«Алматы қала жарықты» жекешелендіру стратегиялық мемлекеттік кәсіпорынның жоғалуына әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты Алматы әкімдігі Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарламасы негізінде «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКК жекешелендіру туралы шешімнің күшін жою шараларын қабылдауда.