Студент жастарға жат ағымның қауіптілігі түсіндірілді

0 510

Жастарды деструктивті діни ағымдардың арбауынан сақтау маңызды іс. Ол үшін жастар мен жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен теріс ағымдардың идеологияларына қарсы иммунитет қалыптастыру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Осы мақсатта ағымдағы жылдың наурыз айында Құлан агротехникалық жоғарғы колледжінің студенттерімен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қ.Қыдыров және Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Т.Рысқұлов ауданы бойынша инспекторы Н.Шәмшіхан, Ақпараттық дін проблемаларын талдау секторының меңгерушісі Н.Төленді кездесті.
Кездесу барысында қатысушыларға діни экстремизм және терроризм идеялары таралуының алдын алу мәселелері, жақтаушыларды жинақтаудың әдістері мен тактикасы, сонымен қатар интернет-ресурстар арқылы жинақтау туралы баяндалып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, зайырлылық принциптері, ұлттық дәстүр мен діннің сабақтастығы, Тұңғыш Президент – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары, деструктивті культтер, экстремистік ұйымдар мен ағымдар әрекетінің негізгі сипаттары, принциптері мен тәсілдері және оларға   қарсы тұру амалдары туралы мәселелер қарастырылды. «Студенттер арасында жат діни ағым» тақырыбында өткен кездесуде жастарға рухани жетілуде салт-дәстүр мен діннің рөлі, жастар тәрбиесі аясындағы өрелі ойларын ортаға салды. Кездесу соңы пікір алмасуға ұласып, студенттер мамандарға дін мен дәстүрлі жайлы сауалдарын жолдап, кең мағлұмат алды.
Сонымен қатар, жиында ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының негізгі қағидалары, аймақта діни салада тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік басқару органдарының міндеттері туралы түсіндірілді.
Сондай-ақ, Орталықтың сенім телефоны «51-50-20», дұрыс    ақпарат көздері берілді.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарына алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.