«Бекболат Тілеуханов деген әнші бар ма?»: Белгілі композитор экс-депутат туралы айтты (ВИДЕО)
Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі «Менің өмірім» бағдарламасында жұрттан жасырған сыры мен баласын не үшін соққыға жыққанын айтты. Сондай-ақ, өнер иесі қазақ эстрадасының жай-күйіне баға берді, деп жазды orda.kz.
– Қазір Бекболат Тілеуханның әнші екенін ұмытып кеттік. Менің балам консерваторияда оқиды. Бір күні Бекболат Тілеухановтың әндері туралы айтсам, «Бекболат Тілеуханов деген әнші бар ма?» дейді. Басынан қойып қалдым. Интернетті ашып, Бекболат Тілеухан деген мынау деп көрсеткенде балам «сақалы бар депутат па?» дейді. Одан сайын ашуландым. Сөйтсем, менің балам туған кезден бастап Бекболат әнші емес екен ғой. Шынында онан кейін ән айтпаған екен. Мен бекерге ашуланыппын. 2004 жылдан бастап қазақта ондай әнші жоқ екен. Ол мен өнеріне ғашық болған, құрметтейтін, құрметтей беретін әнші екен. Кейінгі ұрпақ оны ұмытқан екен, – деді композитор.