Солтүстік Корея өз ядролық полигонын қалпына келтіріп жатыр

0 269

Оңтүстіккореялық БАҚ КХДР Пунги-ри ядролық полигонын «қалпына келтіруі» мүмкін, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, 2018 жылы жабылғаннан бері алғаш рет спутниктен түсірілген суреттерде жаңа құрылыс белгілері байқалған. Бұл туралы Джеймс Мартин атындағы калифорниялық ядролық қаруды таратпауды зерттеу орталығының (CNS) мамандары өз баяндамасында мәлімдеді

«Коммерциялық спутник түсірілімдері Пунги-ри учаскесінде белсенділік белгілерін көрсетеді, оның ішінде жаңа ғимараттың құрылысы мен жөндеу жұмыстары. Туннельдердің бір бөлігін қалпына келтіру бойынша жұмыстар анықталды», — делінген хабарламада.

Пунги-ри ядролық полигоны елдің қиыр солтүстік-шығысындағы таулы аймақта, Қытаймен шекарадан 100 шақырымдай жерде орналасқан. Солтүстік Корея барлық алты ядролық сынағын осы алаңда өткізген — 2006, 2009, 2013, 2016 жылдың қаңтарында, 2016 жылдың қыркүйегінде және 2017 жылдың қыркүйегінде.

Барлық сынақ тау астынан терең қазылған туннельдерде жүргізілген. Оңтүстік портал, Шығыс портал және Батыс портал деп аталатын үш кіреберісі бар. Солтүстік Корея 2018 жылы бұл туннельдердің кіреберісін шетелдік БАҚ өкілдерін шақырып, жарған болатын.

Бұған дейін Солтүстік Корея АҚШ-пен текетірес жағдайында ядролық және зымыран сынақтарын қайта бастауы мүмкін екені хабарланған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.