Еуразиялық Одақ (ЕвразЭС) пен Қытайдың арасында жаңа валюта енгізіледі

0 2 724

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай арасында халықаралық алтын-қаржылық жүйесі құрылмақ. Бұл тәуелсіз жүйе жаңа валютаның негізінде жасақталады. Мұны «Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының валюталық-қаржылық және экономикалық ынтымақтастығының жаңа кезеңі. Жаһандық өзгерістер: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында өткен экономикалық диалог қатысушылары айтты.
«Қазір әлемдік экономикалық даму баяулады. ЕАЭО мемлекеттері мен Қытайға арасындағы шектеу шараларын жою, ортақ сын-қатер мен тәуекелді азайту мақсатында бұл елдердің арасындағы практикалық ынтымақтастық жобалары жандандыры тиіс», — деп мәлімдеді ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев.
RDCY қаржы институтының деканы Ван Вэнь жаһандық даму күн тәртібінің көптеген мәселелері бойынша ЕАЭО елдері мен ҚХР ұстанымдарының жақындығын атап өтіп, Еуразиялық-Қытай диалогының қарқындауына қолдау білдірді.
Талқылау қорытындысы бойынша тәуелсіз халықаралық валюта-қаржы жүйесінің жобасын әзірлеу туралы шешім қабылданды. Ол қатысушы елдердің ұлттық валюталарының индексі және биржалық тауарлар бағасы бойынша есептеліп, соның негізінде жасалады. Жоба наурыз айының соңында тағы бір рет талқыланады.
Диалогқа қатысушылар ЕАЭО мен ҚХР энергетика және ақпараттық технологиялар, биржалық тауарлар саудасы саласындағы ынтымақтастығының практикалық аспектілерін, сондай-ақ елдердің сыртқы экономикалық қысымға бейімделуі жөніндегі шараларды қарастырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.