ҰҚК қылмыстық топты қолға түсірді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласында ірі көлемде есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Атырау қаласында каннабистік есірткіні жеткізуге қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның үш азаматы ұсталды. Ал келесі күні есірткі арнасының ұйымдастырушысы болған топтың тағы бір қатысушысы қолға түсті. Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 61 келіден артық «марихуана» тәркіленді. Оның қара нарықтағы құны 60 миллион теңгеден артық сомаға бағаланып отыр», — дейді комитет мамандары.
Осы фактілер жөніндегі сотқа дейінгі материалдар ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.
Атырау облысының тергеу соты көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.