Бас прокуратура Тасмағамбетовке қатысты мәлімдеме жасады

0 469

Бас прокуратурада «Тасмағамбетовке қатысты тергеу туралы» хабарлама бойынша түсініктеме берілді.

– Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының Тасмағамбетовке қатысты оның «Астана LRT» ЖШС-да қаржы жымқыру фактісі бойынша тексеру жүргізгені туралы хабарлама таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтер шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, – делінген хабарламада.

Иманғали Тасмағамбетов 2021 жылдың маусым айында «КАМАЗ» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайланды.

2014 жылғы 22 қазанда Тасмағамбетов Қазақстан Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2016 жылғы 13 қыркүйекте премьер-Министрдің орынбасары болды. 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елші болып жұмыс істеді.

2019 жылғы желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.