Қазақстанда маска тағу мен «Ashyq» жүйесі алынып тасталды
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бірқатар шектеудің күшін жою туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Енді «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық нысанда (қазір елімізде «қызыл» аймақ жоқ) «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және дене қызуын өлшеу талап етілмеуі қажет. Бұдан тыс, барлық аймақта ашық ауада маска тағудың қажеті жоқ.
Комиссия өкілдері, сондай-ақ, COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер күндіз жұмысқа алаңсыз келе берсе болады (қызмет көрсету саласында) дегенді айтады. Вахталық әдіспен еңбек ететіндер де ПТР тапсырып әуреге түспеуі тиіс.