Путин Чернобыль атом станциясына теракт жасамақ

0 723

Ресей әскерінің Украинаға басып кіргеніне бүгін – 16-шы күн. Украина тарабының айтуынша, жау әскері елді арандату үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.
Әсіресе, Украина барлау қызметінің хабарынша, Путин техногенді апат жасауға дайындалып жатқан көрінеді. Нақтырақ айтсақ, Ресей қарулы күштері Чернобыль атом станциясына теракт ұйымдастыруды әзірлеп жатқанға ұқсайды. Украина барлау қызметінің айтуынша, жау әскері бұл терактіні кейін Украинаның «мойнына іле салмақ».
«Украина жасақтары Чернобыль атом станциясына шабуыл жасады дегенді дәлелдеу үшін өздері «фейк фактілер» дайындап жатыр. Мәселен, Антонов әуежайы маңынан қаза тапқан украин сарбаздарының мәйітін ресейлік авторефрижераторларды не үшін жинап жүр ғой дейсіз. Соған қарағанда өлген сарбаздары атом станциясы маңына апарып «прокация жасаған украиндар» деп дәлел көрсетпек. Чернобыль атом станциясынан тоқ беруді де сол үшін тоқтатып тастады», — деп түсіндіреді барлау қызметі мамандары.
Айта кетейік, Запарожье атом станциясы маңында да осыған ұқсас арандату әрекеттері болған еді. Мұны кейін Ресей Қарулы күштері украина сарбаздары жасаған арандату деп, қарсыласын кінәлаған еді. Ал украиндар болса, атом станциясына ресей армиясының әдейі оқ атқанын айтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.