Полковник Челахқа қатысты шындықтың бетін ашты

0 11 669

Атышулы Арқанкерген оқиғасында Владислав Челахтың 15 адамды өлтіргеніне бүгін полковник Роман Құрманбаев та күмән келтірді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан шекарасының барлық жерін жатқа білетініне назар аударған ол қазір түрмеде отырған Челахтың жалғыз өзі 15 адамға әлі келгеніне келіспейді.

«Ол жерде әскери әлімжеттік болды. Ересек жауынгерлер жаңадан келген жас сарбаздарға қысым жасады. Шыдай алмаған жастар оларды атып тастады. Ол (Челах) кісі өлтіруге қатысты, бірақ бәрін жалғыз өзі өлтіре алмады. Ол 15 адамды жалғыз өзі өлтіре алмады, тіпті жараланған адамның өзі тірі қалуы үшін тойтарыс бере алады. Кейін Челах өзінің жақтастары мен оқиғаның куәсі болған қорықшыны атып тастады», — дейді сала сарапшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін де әскери мамандар арнайы дайындығы бар сарбаздың да ондай сандағы топ жауынгердің көзін құрта алмайтынын айтқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.