Украина Еуропалық Одаққа мүше болды
Еуропалық көшбасшылар бірнеше сағатқа созылған қызу пікірталастардан кейін Украинаның еуроинтеграциясын жақтады. Бұл туралы Литва президенті Гитанас Науседа Twitter-де жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
— «Версальдағы тарихи түн. Бес сағаттық қызу пікірталастардан кейін Еуроодақ басшылары Украинаның еуропалық интеграциясына «иә» деген жауап берді. Процесс басталды. Енді мұны тез арада орындау бізге және украиндарға байланысты. Қаһарман украин халқы Еуроодаққа қош келдіңіздер!», — деп жазды ол.
Еске салайық, Украина басшысы Владимир Зеленский 28 ақпанда елдің Еуропалық Одаққа кіруі туралы өтініш берген болатын.