Иманғали Тасмағамбетов тергеуге алынбақ
Бүгін отандық БАҚ-та Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тергеу жүргізетіні хабарланды деп жазды turkystan.kz.
Кейбір Telegram арналарында Иманғали Тасмағамбетовтің Astana LRT компаниясының сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысы бойынша тергеу жүргізілетіні туралы ақпарат жарияланды.
Ақпараттың анық-қанығын білу үшін turkystan.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне бірнеше рет қоңырау шалды. Өкінішке қарай, телефонға ешкім жауап бермеді.
Қосымша ақпараттар беріледі.