Полковник Қарабеков ҰҚК-ның «сақалдыларды» дайындағаны туралы айтып бермек

0 1 055

Қазақстан қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының бұрынғы бастығы Мұхтар Қарабеков Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің қызметі және «сақалдыларды» даярлау туралы егжей-тегжейлі ақпарат беруге уәде берген.

КазТАГ ақпаратына сәйкес, Нұр-Сұлтанда болатын баспасөз-конференциясы кезінде полковник Қарабеков «ҰҚК-ның «сақалдыларды» дайындағаны, Самат Әбіш Тасмағамбетовке қарсы түсініктіме беруді талап еткені, оны Дариға Назарбаева қолдағаны туралы» айтады.

Сонымен қатар, анонстағы ақпаратта Қарабековтың «ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш оны сол кезде Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке қарсы қағазға қалай қол қоюға мәжбүрлегенін, оның орнына қылмыстық істі тоқтатанынын мәлімдегені туралы» айтатыны көрсетілген.

«Сол кезде мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Самат Әбіш пен Кәрім Мәсімовті қолдады. Жалған куәліктен бас тартқан Қарабеков ақыры түрме жазасын алды. Осындай ұсыныс авиация генерал-майоры Бүлдешов Асқар Бодауұлына, полковник Құрманбаев Роман Машиновичке, генерал-майор Әбішев Тимур Кеңесұлына жасалды. Ұсыныс бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтен келді. Полковник Қарабеков Әбішевтің ҰҚК қызметкерлерінің Қазақстан аумағында «сақалды» содырларын қалай дайындағанын айтып береді, сондай-ақ қаңтардағы қайғылы оқиғалардың шымылдығын ашады. Сонымен қатар, әскери қызметшілер қорғаныс министрлігіндегі сыбайлас жемқорлық туралы, Қазақстанның ең танымал шенеуніктерінің тұғырлары туралы және Дариға Назарбаеваның осыған қалай қатысы бар екендігі туралы айтып береді» делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.