Украинадағы Ресей мүліктері түгел тәркіленеді – Зеленский қол қойды

0 1 715

Украина президенті В.Зеленский ел аумағындағы РФ пен оның резиденттерінің дүние-мүлкін толықтай тәркілеу туралы заңға қол қойды. Бұл жайлы Жоғарғы Раданың баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресейдің Украина жеріне басып кіруінен, соғыстың кесірінен елдің шығыны көбейіп кетті. Соны толтыру үшін Украина үкіметі ресейдің меншігіндегі дүние-мүліктерді тәркілеп, ел мүддесі үшін жұмсамақ. Әрі оған ешқандай өтемақы төленбейді.
Жоғарғы Рада бұл заңды 4 наурыз күні қабылдаған. Бүгін міне, президент В.Зеленский қол қойып отыр.
«Тәркіленген дүние-мүліктің қаржысы агрессор елдің кесірінен қирап қалған Украина қалаларын қалпына келтіруге жұмсалады», — деді депутат Мария Мезенцева.
Айта кетейік, Ресей үкіметі де елден кеткен шетелдік компаниялардың дүние-мүліктері тәркіленетінін мәлімдеген екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.