Украина мен Ресейдің Түркиядағы келіссөзі аяқталды: нәтиже қандай?

0 856

Түркияда өткен Украина мен Ресей сыртқы істер министрлерінің келіссөзі нәтижесіз аяқталды деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Дмитрий Кулеба мен Сергей Лавров атысты тоқтату жайлы келісімге келе алмады.

Алайда тараптар әлі де кездесуі мүмкін.

Лавров Ресей ешқандай елге шабуыл жасамайды дегенді айтып, Украинаға соғыс ашқандарын да мойындамады. Сонымет қатар, Мариупольдегі перзентхананы бомбалау туралы онда украин батальоны жауынгерлері орналасқанын дәйек ретінде келтірді.

Кулеба болса, Киев Ресейдің талаптарын орындамайтынын, дегенмен қақтығысты дипломатия жолымен шешуге әзір екендерні мәлімдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.