Мәсімовтың тәркіленген байлығының құны қанша?

0 376

ҰҚК баспасөз қызметі жариялаған Кәрім Мәсімовтың тәркіленген сағаттарының құны анықталды.

ҰҚК баспасөз қызметі ұсынған суреттерде Omega Seamaster Diver 300M сағаттары көрсетілген.

Оның бағасы шамамен 7-8 мың еуро ( 4-5 миллион теңге). Олардың нарықтық құны 6482 доллар немесе 3 млн 370 мың теңге. Сағат 42 мм титан корпусымен және 8806 калибрлі мануфактурамен жабдықталған.

Сонымен қатар, баспасөз қызметі 2022 жылдың қаңтарында Мәсімов ұсталғаннан кейін қонақ үйден 17,2 млн доллар қолма-қол ақша, көптеген құнды заттар – сағаттар, алтын құймалар, антиквариат және т. б. тәркіленгенін хабарлаған еді. Сондай-ақ, оның Нұр-Сұлтандағы екі люкс пәтері, Алматыдағы екі пәтері мен зәулім сарайы, сондай-ақ Шортанды-Бурабай курорттық аймағындағы көл жағасындағы 1 гектар жер учаскесі тәркіленді. Мәсімовтің жақын адамдарының 5,1 млн долларға бағаланған мүлкі тәркіленіп, олар да қамауға алынғанын мәлім болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.