Мариуполь қаласындағы перзентханаға әуеден соққы жасалды

0 734

Жергілікті биліктің мәлімдемесіне сәйкес, Мариуполь қаласындағы перзентхана, балалар және терапия бөлімдері орналасқан аурухана Ресейдің атқылауына ұшыраған. Бұл туралы Bugin.kz порталы BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

— «Мариуполь. Орыс әскерлерінің перзентханаға тікелей шабуылы. Үйінді астында қалған адамдар, балалар. Әлем бұл зұлымдықты елемей, қашанға дейін үнсіз отыра бер? Аспанды дереу жабыңыз! Өлімді тоқтатыңыз!», — деп жазды Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-да.

— «Қала орталығындағы перзентхана, балалар бөлімі мен ауруханадағы терапевтік бөлім Ресейдің Мариупольге жасаған әуе шабуылының салдарынан қирап қалды» — деп хабарлады Facebook-те Донецк облыстық әскери басқармасының басшысы Павел Кириленко.

Ол әуе соққысынан зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға эвакуацияланып жатқанын айтты.

Кириленконың айтуынша, перзентханаға жасалған соққы салдарынан 17 адам зардап шеккен. Қаза болғандар жоқ, жараланғандар арасында медицина қызметкерлері мен босанған әйелдер бар.

Украин тарапының айтуынша, әуе соққысы Ресей жариялаған «үнсіздік» режимі кезінде жасалған.

Әлеуметтік желіде қираған аурухананың фотолары мен видеолары пайда болды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.