Air Astana Ресейге бірнеше рейсті тоқтатады
Air Astana компаниясы өндірістік себептерге байланысты Ресей қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Air Astana компаниялар тобы өндірістік себептерге байланысты Қазақстаннан Ресей қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Қазіргі таңда Алматы және Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге рейстер орындалып жатыр», — делінген компания хабарламасында.
Air Astana компаниясы өндірістік мәселелерді тез арада шешуге тырысып жатқанын атап өтті.
Бәрі сәтті шешілген жағдайда Air Аstana мен FlyArystan келесі аптаның басында Ресей қалаларына рейстерді жандандырады, деп сендірді әуе компаниясы.