Адагерлердің мәселелеріне құлақ түрді
Сарысу ауданының әкімі Сұлтанғалиев Марат Қырғызәліұлы аудандық «Коворкинг» орталығында аудандағы Семей, Чернобыль апатынан зардап шегушілер мен Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті.
Кездесуде аудан әкімі басты мақсат сіздермен танысу, қоғамдық кеңестер мен ұйымдар бойынша атқаратын жұмыстар мен жоспарлы іс-шаралар және проблемалық мәселелер болса, ақылдасып шешуге және тыңдау деді.
Содан соң «Таң нұр Семей полигоны» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әмірбеков Жеңісбекке берілді.
Келесі сөз алғандар Чернобыль апатынан зардап шегушілер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Ускенбеков Амангелдіге,«Тәуелсіздік таңы — Желтоқсан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Сарысу аудандық филиалы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Есмаханов Нұржанға өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Кездесу соңында аудан басшысы;
— Бірлігі мен берекесі жарасқан аудан халқының әл – ауқатын әрі қарай жақсартуға, әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты дамыту жолында аянбай еңбек етуге шақырамын.
Келгендеріңізге үлкен алғыс білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- деді.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы