АҚШ Украинаға 20 мың қару-жарақ жіберді

0 761

АҚШ пен НАТО-ға мүше мемлекеттер Украинаға көмек ретінде 17 мың танкіге қарсы зымыран мен 2 мың Stinger зенит ракетасын жіберген. Бұл жайлы CNN хабарлады.
Пентагон шенеуніктерінің айтуынша, Ресейдің Украинаға басып кіретінін АҚШ барлау қызметі күні бұрын білгендіктен әрі хабарлағандықтан, АҚШ пен НАТО мемлекеттері әскери әуе транспорттарын 24 ақпанға дейін шығыс шекараға дейін әкеп үлгерген. Қазір содан Украинаға қару-жарақтар беріліп жатыр.
Украинаға қазір 14 мемлекет әскери көмек көрсеткен. Оның ішінде қару-жарақ пен қаржылай көмек, гуманитарлық көмектер бар. Сондай-ақ, НАТО елдері Украинаға қырып-жойғыш ұшақтар беруді қарастырып жатыр.
АҚШ Украинаға 350 млн доллар көлеміндегі әскери көмекті табыстап қойған.
Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон Украина президенті В.Зеленскийге қару-жарақпен қамтамасыз етуге бар күшін салатынын әрі осы шаруа бойынша халықаралық одақтасы болатынын мәлімдеген.
Украинаның Қорғаныс министрлігі шетелден қару-жарақтардың жылдам келіп жатқанын әрі «мұны қолдансақ, ресей әскеріне тосынсый болайын деп тұр» деген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.