Біз өлсек те, тірілсек те Ресейдің ықпалынан құтыла алмаймыз! – Айдос Сарым
Еуразиялық экономикалық одақ пен Кедендік одақтан, ҰҚШҰ-дан шығу – соңғы кездері әлеуметтік желіде ең көп талқыланатын мәселе. Қазақстанның медиа аренасына белгілі журналист Ерболат Мұхамеджанның да подкаст жобасы қосылды. Алғашқы қонақтары – Арман Шораев, Айдос Сарым және Қайырбек Арыстанбеков. Бұл туралы orda.kz жазды
– Бұл одақтар – саяси одақтар. Біз осындай одақтарға кіру арқылы, басқа арқылы белгілі бір деңгейде құн төледік. Украинадағы жағдай бірінші кезекте бізге келуі мүмкін еді. Қазақстан ешқашан Ресейдің ықпалынан құтыла алмаймыз. Өлсек те, тірілсек те. Біздің ұзын шекарамыз бар, ол шекарада бизнес жасап жүрген кәсіпкерлер бар. Туристер бар. Яғни, біз ешқашан құтылмаймыз. Зардабын азайтуға болатын шығар, – деді депутат.
Айдос Сарым өз пікірін депутат ретінде емес, азамат ретінде айтатынын жеткізді. Еуразиялық экономикалық одақтан шыққанын қалайтыны не қаламайтыны туралы нақты сұраққа «Құдай қаласа» деп жауап берген ол өз пікірін өзгертпейтінін айтты.