Путин мен Зеленский жаңа мәлімдеме жасады
Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қатысты бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды nege.kz.
Ресей басшысы Украина аспанын ұшуға болмайтын аймақ деп жариялаған кез келген тарапты қарулы қақтығысқа қатысушы деп қарастыратын боламыз дейді. Бұл туралы Путин 8 наурыз мерекесі қарсаңында Аэрофлот қызметкерлерімен кездесуде мәлімдеді.
Владимир Путин, Ресей президенті:
– Қазір біз Украина аумағында ұшуға болмайтын аймақ құрылуы керек дегенді естіп жатырмыз. Дәл Украина аумағында мұндай мүмкін емес. Оны тек Украинаға көршілес елдерде ғана жасауға болады. Бұл біздің тарапымыздан біздің әскерилеріміз үшін кімнің территориясы қауіп төндірсе, олардың қарулы қақтығысқа қатысты деп қарастыралады. Сол секундта біз оларды әскери қақтығысқа қатысушы деп есептейміз және олардың қандай ұйымға қатысушы екені маңызды емес.
Украина президенті Владимир Зеленский де халыққа кезекті үндеуін жолдады. Украина басшысы халықтың бірлігі мен бекемдігі ғана Ресей әскерін тоқтатып, шабуылға тойтарыс беріп келе жатқанын атап өтті.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
– 8 жылғы соғыстан кейін Донецк пен 8 күнгі соғыстан кейінгі Харьковты салыстырыңыздар. Сіздерге қалаларды біз талқандап жатыр деп айтқан еді. Харьковке, Черниговке қараңыздар. Украиналықтардың үйлеріне тасталған 500 келілік бомбаларға қараңыздар. Олар біздің балаларды өлтіріп жатыр. Бородянкаға қараңыздар. Мектептер, балабақшаларды қиратты. Харьковте Успенск шіркеуі талқандалды. Ресей мұның бәрін сіздердің көз алдарыңызда істеп жатыр.