Қарулы күштер туралы жалған ақпарат таратқандар жазаланады: Президент заңға қол қойды

0 595

Ресей президенті Владимир Путин елдің қарулы күштері туралы «жалған» ақпарат таратқандарды 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын заң жобасына қол қойды. Бұл туралы Bugin.kz порталы ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі (ҚК) 207.3-баппен толықтырылған «Ресей Федерациясының Қарулы Күштерін пайдалану туралы көрінеу жалған ақпаратты жария ету» үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе бір жылға дейінгі айыппұлды қарастырады.
Сонымен қатар, өшпенділікпен немесе араздықпен пайдакүнемдік ниетпен қызметтік жағдайды пайдаланып, осы заңды бұзу он жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе бес миллион рубльге дейінгі айыппұлмен жазаланады. Ең жоғары жаза, егер жалған ақпарат ауыр зардаптарға әкеп соқтырса, 15 жыл бас бостандығынан айыру.
Сондай-ақ, Ресей басшысы Ресей Қарулы Күштерінің беделін түсіретін ақпарат үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл ретте шенеуніктер 100-ден 200 мың рубльге дейін, ал заңды тұлғалар 300-ден 500 мың рубльге дейін төлеуге мәжбүр болады.
Сонымен қатар, егер жала жабу әрекеттері заңсыз әрекеттерге шақырумен қатар жүрсе және азаматтардың өмірі мен денсаулығына және қоғамдық қауіпсіздікке зиян келтіру қаупін тудырса, онда 50-ден 100 мың рубльге дейін, лауазымды адамдарға — 200-ден 200-ге дейін айыппұл салынады. Ал, заңды тұлғалар үшін — 500 мыңнан 1 миллион рубльге дейін.
Путин, сондай-ақ Ресейге қарсы санкциялар енгізуге шақырғандарға айыппұл салуға немесе түрмеге қамауға мүмкіндік беретін тағы бір заң жобасына қол қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.