Бірінші келіссөзге қатысқан Украина делегациясының мүшесі отанына опасыздық жасаған

0 1 109

Украинаның қауіпсіздік қызметі ұстау кезінде Гомельдегі бірінші келіссөзге қатысқан Денис Киреевті атып өлтірді. Оған мемлекеттік опасыздық жасады деген күдікке ілінген деп жазды turkystan.kz.

Бұл туралы OBOZREVATEL порталы хабарлады. Сонымен қатар, бұл ақпаратты саясаткер Александр Дубинский таратты.

Бір қызығы, Денис Киреев Президент кеңсесінде келіссөздердің қатысушысы ретінде таныстырылмаған. Оның есімі баспасөз қызметі жариялаған тізімде де жоқ. Бірақ фотолардан оның Киев делегациясы өкілдерінің жанында, яғни үстел басында бірге отырғанын көруге болады.

Денис Киреев – банк секторының сарапшысы. Ол Ощадбанктің басқарма төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары (2010-2014) және Укрэксимбанктің бақылау кеңесінің мүшесі (2006-2012) болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.