Украина мен Ресейдің арасында атыс тоқтатылды
Украина мен Ресейдің қарулы күштері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13.00-ден бастап атысты тоқтату режимін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сонымен бірге бейбіт тұрғындардың Мариуполь мен Вольноховадан шығуы үшін гуманитарлық дәліз ашты. Мариуполдан 200 мың адамды шығару жоспарланған. Олар қаладан Никольское – Розивка – Бильмак – Пологи – Орихив – Запорожье бағыты бойынша шығады. Ал Вольнохованы тастап кететін 15 мың адам Валерьяновка – Новоандреевка – Кириловка – Угледар – Покровск арқылы Запорожьеге барады.
Атысты тоқтатуға Қызыл крест халықаралық ұйымы кепілдік берді.