Ресейге көршілес 2 мемлекет НАТО-ға қабылданды

0 1 449

Ресейдің көршісі Швеция мен Финляндия НАТО-ға кірудің алғашқы қадамдарынан өтті. Нақтырақ айтсақ, енді бұл екі мемлекет НАТО елдерінің отырысына рұқсат берілді.
Бұл жайлы НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
«Ресейдің агрессиясына жауап ретінде біз Швеция мен Финляндиямен үйлестіру мен ақпарат алмасуды күшейтуге келістік. Қазір екі ел де НАТО-ның дағдарыс жөніндегі барлық кеңестеріне қатысатын болады», — деп түсіндірді Столтенберг.
Айта кетейік, Ресей «арнайы әскери операция жүргізу» мақсатында Украина территориясына басып кіргеннен кейін, көршілес Швеция мен Финляндия елдері НАТО-ға қосылуға өтініш беруге мәжбүр болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.