Назарбаев 60 жасқа толғанда облыс әкімдері 1 миллион доллардан жинап берген

0 1 146

Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің баласы Қайрат Нұрқаділов әкесі дүние жимаған адам болғанын айтты. Бұл туралы ол Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
2000 жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 60 жасқа толғанда Алматы облысының әкімі болып тұрған Заманбек Нұрқаділов Назарбаевқа үлкен картина сыйлаған. – Әкеме бір жұмыстармен келсем, көмекшісі ол кабинетінде емес, акт залда деді. Барсам үлкен көлемі 5*4 па, 6*5 пе картина тұр. Жоңғарлармен соғыс, қазақтардың жеңгені бейнеленген. Бұл не, үйге сыймайды ғой десем, «президенттің 60 жасына сыйлағалы отырмын» деп қалай жеткізерін білмей тұр екен. Контейнерге салып, көлікпен жіберейік дедім. «Жарайды» деп демалатын бөлмесіне кіріп, шәй іштік. Мен ол кезде баламын ғой «әке сен сурет беріп жатырсың, қалған әкімдер не бергелі жатыр» деп сұрадым. «Қалған облыс әкімдері ақылдасып, 1 миллион доллардан бергелі жатыр, менде ондай ақша жоқ. Оны табу үшін аудан әкімдерін, кәісіпкерлерді қысуым керек. Олай жасаған соң қалтама да салуым керек, мен олай жасамаймын, сенде болса, сенен де сұрамаймын «деді. Мен сол кезде әкемнің азаматтығына тәнті болдым, – дейді Қайрат Нұрқаділов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.