Украинаның Житомир қаласындағы мектепке зымыран түсті (видео)
Ресей әскері Украинаның Житомир қаласындағы 25-ші мектепке ракеталық, бомбалы шабуыл жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Украина 24 басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Житомир мэрі 4 наурыз күні таңғы сағат тоғыздар шамасында Житомирде жарылыс дыбысы естілгенін атап өтті.
— «Басқыншылар азаматтық инфрақұрылымға оқ жаудырып, мектепке соққы берді. Тіпті, мектептің жартысы қирап қалды. Құтқару жұмыстары жүргізілуде, зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда», – деді Сергей Сухомлин.