Арық жүйелері тазаланды

0 364

Ағымдағы жылдың 26 наурызкүні 65 мекеменің қатысуымен 54 көшеде сенбілік ұйымдастырылып, 2895 мекеме ұжымдары мен қала тұрғындары атсалысты.
Сенбілікте 27 шақырым арық жүйесі тазартылып, 192 тоннакүл-қоқыс шығарылды. 28 дана арнайы көлік жұмылдырылды.
Сонымен қатар, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің 500 жуық қызметкерлері қаланың магистральді және орталық көшелерінде арық жүйелерін тазарту, бағаналарды сырлау, қураған ағаштарды кесу, жол жиектерін сыпыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстарын атқарды. Аталған жұмыстарға 83 техника жұмылдырылып, 91 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Абай даңғылы мен Сүлейменов көшесінде орналасқан бағаналарды сырлау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, қала әкімдігі тарапынан көшелердегі ретсіз, заңсыз орналасқан жарнамаларды алу жұмыстарын жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.