«Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» және ҚТЖ басшылығына тықыр таянды

0 384

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Самұрық-Қазына», «Самұрық-Энерго» және ҚТЖ басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомствоның ресми Telegram-арнасындағы хабарламада айтылған.

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «Қазақстан темір жолы» ҰК басшыларына жеке компанияларға пайда келтіру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша тексеру жүргізуде, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Ведомство мемлекетке аса ірі көлемде, яғни 3,8 млрд теңге залал келтірілгенін мәлімдеді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.