ҰҚШҰ (ОДКБ) жарғысына өзгерістер енгізілмек
Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік Думаға ҰҚШҰ жарғысына «бақылаушы мемлекет» ұғымын енгізуді ұсынды. Бұл туралы ТАСС Парламенттің электронды базасына сілтеме жасап хабарлайды.
ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі туралы келісімге тиісті өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Түзетулерге сәйкес, бұл мемлекеттің бастауымен БҰҰ аясындағы операцияларға қатысу үшін қарулы күштер жасақтала алады.
Ұжымдық халықаралық күштердің бітімгершілік операцияларына қатысу шарттары үйлестіруші мемлекет пен БҰҰ-ның өкілетті өкілімен жасасатын келісімде айқындалатын болады.