«Nur Otan» партиясының атауын өзгерту ұсынылды
Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс сьезді өтуде. Жиын барысында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов партия атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды. Сондай-ақ партияның саяси кеңесіне Премьер-министр Әлихан Смаилов пен Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу енгізілді.