Зеленский Еуроодаққа жедел үндеу жолдады
Украина президенті Владимир Зеленский Еуропалық Одаққа Украинаны жаңа ерекше тәртіп бойынша дереу аннексиялауды сұрап үндеу жолдады. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
— «Біз Еуропалық Одаққа Украинаның жаңа, ерекше тәртіп бойынша шұғыл қосылуы туралы өтінішін білдіреміз. Әріптестерімізге жанымызда болғаны үшін алғыс айтамыз, бірақ біздің мақсатымыз – барлық еуропалықтармен бірге, ең бастысы, тең дәрежеде болу», — деді Зеленский кезекті видео үндеуінде.