Украина келіссөзден бас тартты, тек бір шартпен

0 1 686

Украина президенті Владимир Зеленский Беларусия аумағында Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізу мүмкін еместігін мәлімдеді, деп хабарлады ulysmedia.kz.
«Егер сіздердің аумақтарыңыздан агрессивті әрекеттер болмаса, біз Минскіде сөйлесер едік. Бізге кез келген басқа қала: аумағынан зымырандар ұшпайтын елде келіссөз жүргізу қолайлы. Бұл – келіссөздердің шынайы болуының және соғысты шынымен тоқтатудың жалғыз жолы», — деді Владимир Зеленский.

Президенттің айтуынша, Украина Ресейге келіссөздерді Варшава, Братислава, Будапешт, Ыстамбұл, Бакуде өткізуді ұсынған.

«Біз бейбітшілікті қалаймыз, біз кездесуді қалаймыз», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.