АҚШ Украинаға әскери көмек беруге әзір
АҚШ президенті Джо Байден Мемлекеттік департаментке Украинаға көмек ретінде 600 миллион доллар бөлуді тапсырған меморандумға қол қойды, оның 350 миллионы қорғаныс саласына тиесілі. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды, деп жазады Bugin.kz порталы.
«Мемлекеттік хатшыға Украинаға дереу әскери көмек көрсету үшін келесі өкілеттіктерді беріңіз», — делінген құжатта.
Бұған дейін Ақ үй конгресстен «Украина дағдарысы үшін» 6,4 миллиард доллар сұрағаны белгілі болды.