Ресей Қазақстаннан Украинаға шабуылға қосылуды сұрады — БАҚ
Қазақстан Ресей Федерациясының Украинаға шабуылға өз әскерін қосу туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы pravda.com.ua сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Ресейдің Украинадағы агрессиясын сылтау ретінде мойындаған «LDNR» деп аталатын ұйымды мойындамайтынын мәлімдеді.
Ал АҚШ Қазақстанның бұл шешімін құптады.
«Біз Қазақстанның Луганск Халық Республикасын және Донецк Халық Республикасын мойындамайтыны туралы мәлімдемесін құптаймыз. Сондай-ақ Қазақстанның Путиннің Украинадағы соғысына қатысу үшін өз әскерін жіберуден бас тартуын да дұрыс деп есептейміз», — деді Ақ үйдің Forbes өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Украинаға ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы) әскерін жіберуден бас тартқан болатын.