«Қаруларыңды тастап, үйлеріңе қайтыңдар»: Ресей ресми түрде Украинаға соғыс жариялады

0 2 464

Ресей президенті Владимир Путин халыққа үндеу жолдап, Донбасста әскери операциялардың басталғанын ресми мәлімдеді.

«Мен украин жауынгерлерін қаруларын тастап, үйлеріне қайтуға шақырамын. Өйткені сіздер белгілі бір топқа емес халыққа ант бердіңіздер. Біздің мақсатымыз — Украинаны басып алу емес, 8 жылдан бері қысым көріп келе жатқан халықты қорғау. Сол үшін біз Украинаны қарусыздандыруға (демилитаризация) кірістік. Сондай-ақ Украинаның ядролық қаруды иеленіп, НАТО-ға кіруіне қарсымыз. Себебі бұл Ресейдің бейбіт өмір сүруіне кедергі келтіреді, — деді Путмн мәлімдемесінде. Сондай-ақ ол Ресейге қарсы шабуылға шығудың соңы орны толмас өкінішке соқтыратынын ескертті.

Бұдан бөлек Ресей президенті Владимир Путин Украина мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін Киев орындауы тиіс шарттарды атады.

– Біріншіден, Севастополь мен Қырымда тұратын халықтың ерік-жігерін мойындау керек. Бұл Косоводағы оқиғадан қаншалықты жаман? Тағы бір атап өткім келетіні: ешкім халықты мылтық тақап сайлау учаскелеріне әкелген жоқ. Олар өз еркімен келді. Ресеймен қосылу туралы шешім қабылдады. Бұл демократияның ең жоғарғы түрі – референдум, – деді Путин

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.