«Үнсіз отырсақ шетімізден қырыламыз»: Зеленский маңызды үндеу жолдады
Украина президенті резервтегі азаматтарды әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Зеленский халықты толық жұмылдырудың әзірге қажеті жоқ деді. Сондай-ақ бизнес пен банк жүйесі уақытша салықтан босатылды және жанармай мен дизельге қосымша құн салығы төмендетілді. Украинаның Төтенше жағдай қызметі Луганск жылу электр станциясы зеңбірекпен атқыланғанын хабарлады.
«Ресей Минск келіссөздерінен бір жақты жолмен шығып кетті. Біз үшін бүгін атысты тоқтатуға күш салудан басқа амал жоқ. Мен бұл мәселені екі жақты келіссөздер арқылы және басқа көшбасшылардың қатысуымен шешуге дайынмын. Серіктес елдердің санкциялар енгізіп жатқанына қуаныштымын. Украина – бейбітсүйгіш халық, бізге керегі тыныштық, бірақ қазір бәріміз үнсіз отыра берсек, шетімізден қырыламыз», — дейді Украина президенті Владимир Зеленский.