Атышулы блог-тур: 7 жыл «жабық» болған зауыт, қалай бір-ақ күнде «ашылды»

0 787

17 ақпанда «Агромашхолдинг» пен «Сарыарқа автопром» Қазақстанда танымал блогерлер мен журналистерді жинап ауқымды тур өткізді. Вайнерлер, Фейсбук белсенділері тіпті,  37 млн жазылушысы бар «Homm9k» есімді тиктокшы шақырылған. Экскурсия бір емес, бірнеше күнге жалғасты. Әлеуметтік желі белсенділерінен кейін, ресми БАҚ өкілдері де өндіріс орнынан барып қайтты.

«Утилалымға жол жоқ» тобының белсендісі Нұраддин Садықтың айтуынша, 2020 жылға дейін аталған зауыттар жабық жұмыс істеген. Оларды тексеруге министрліктің де құзіреті болмаған. Ол мемлекетке мүлдем есеп бермеген компанияның бұлай «ашықтық» танытуын шоуға балады.

«Сізге бір қызық айтайын, өндірістік құрастыру келісімі бойынша блогерлер мен журналистер түгілі Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылға дейін аталған кәсіпорындарды тексеруге қақысы болмаған. Зауытта төрт есігін салып, бояп, дәнкерлеуге 7 жыладан кейін ғана рұқсат берілген. Оған дейін біздер тек бұрандалы (отверечный – ред.) құрастыруға рұқсат беріп келгенбіз. Сол 7 жыл аралығында ИИДМ де ешбір мемлекеттік органның да тексеруге қақысы болмаған. Ең сорақысы, ИИДМ бұған дейін аяқпен барып ешқашан мұны тесергемен. Бұған дейін біз тек мемлекеттің ақшасын береміз бірақ, ешқандай сұрауы болмай келген. Оған блог-тур, журналистерді қосып, шоу жасауы бұған дейін тексерілмеген олқылықтардың орнын жабу, жұмсартуға жасалған әрекет деп білеміз»,- дейді белсенді.

Утилалымға қарсы белсенді бір күндік жұмысқа илануға болмайтынын алға тартады. Өз басы зауыт толыққанды тексеруге қатысты рұқсат берсе ғана баруға келіскен.

«Біздің бармаған себебіміз сол. Біз мұндай шоудың ойыншысы болғымыз келген жоқ. Біз барсақ 1 айға барып, 1 ай бойы жұмыс жасап тұрған, тұрмағанына көз жеткізу үшін, бірнеше жыл қандай құжаттармен жұмыс жасағанын тексеруге баруға пейілді екенімізді білдірдік. Себебі, мұндай марафет өндірістің толық жұмыс істеп тұрғанына тексеру жүргізе алмайды. Экскурсияға барған кейбір адамдар жүгіріп жүріп, «есеп үшін» тексеріп шыққандарын айтты. Еш жерде тоқтап, толық тексеруге мүмкіндік болмаған»,- деді Садық.

Ауқымды блогтурға тапсырыс беруші – бизнесмен Андрей Лаврентьев. Ол «Агромашхолдинг» және «Сарыарқа автопром» қарасты «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. Бір айта кетері Қайрат Сатыбалды «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ тәуелсіз директоры. Сондай-ақ Лаврентьев миллионер Нұрлан Смағұловтың жақын досы және бизнес-серіктесі.

«Лаврентьев компаниясның блогерлер мен журналистерді шақырып пресс-тур ұйымдастыруы бұған дейін жасалмаған шара. Соңғы қысымды жұмсарту үшін, утилалымға байланысты көтеріліп жатқан акцияны теріске шығару, яғни бұған дейін өндіріс болмады деген біздің сөзімізді шама келгенше теріске шығаруға тырысып жатқан әрекеті», — дейді ол.

БАҚ өкілдері мен белсенділерді ұйымдастырып, блог-турға алып барған Станислав есімді компания  өкілімен тілдеспекке бірнеше рет қоңырау шалдық. Жауап бермеген соң, Whatsapp мессенжеріне төмендегі сауалдар жолданды. Ол сұрақтарды оқығанымен, жауап беруге құлық танытқан жоқ.

1. Барлығы қанша блогер, БАҚ тартылды?

2. Бұл науқанның, блог-турдың мақсаты не?

3. Бұған дейін осындай науқандарды, пресс- турларды өткіздіңіздер бе?

4. Бұл науқан утилалымының төмендеуіне жол бермеуді көздемей ме?

Сондай-ақ, блог-турға қатысқан екі адамнан пікір сұрадық. Сапардың жай-жапсары туралы білгіміз келген. Олар да қандай да бір пікір білдіруге дайын емес екендерін айтты.

Forbes рейтингіне – «Аллюр Авто» басшысы 41-ші орында тұр.

Сарапшылардың айтуынша, 10 жыл ішінде «Сарыарқа Авто Пром» 300 млн АҚШ долларына жуық мемлекеттік жеңілдіктер алған. Оларды қайтару іс жүзінде мүмкін емес, бірақ «Қазақстанның Даму Банкінен» алған миллиондаған доллар несиеге қатысты проблемалар әлі де күн тәртібінде.

Телегарм арналардың бірі атышулы блогтурдың мақсаты қарапайым халық арасынан клиент тарту болуы мүмкін екенін жазды. Көп ұзамай  утилалым төмендесе, несиеге көлік алатындар қажеттігі, соған қатысты алдын ала ауқымды жарнама жасалып жатыр деген пікір білідерді. Айта кетейік, бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде утилизациялық алым мөлшері қашан жарияланатынын айтты. Оның сөзінше, ертең атомобиль және ауыл шаруашылығы техникалары үшін утиль алым мөлшерлемелері жарияланады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.